Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінде жұма намазында РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұл келген жамағатқа «Нығметке шүкір ету – имандылық белгісі» тақырыбында уағыз айтып, Алла тағаланың бергеніне шүкір ету мұсылманның міндеті екендігін атап, Алла құранда: «Шүкір етсеңдер арттыра беремін» - деп арттыра берілетін нығмет пен сауаптар беру арқылы разы болатындығын атап өтті.
Берілген нығметке шүкірдің орнына байлық нәсіп етсе дандайсымастан, тәкаппарланбастан немесе аз берілді деп қанағаттанбастан өмір сүру Жаратушыға деген лайықты құл болмағандығымыз екендігін жеткізді. Бұл әлемнің барлық байлығы деніміздің саулығын сатып ала алмайтындығын анық. Аллаға шүкіршіл болған құлдардан болуды жазсын. Шараға 200 адам қатысты.