Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылының мешітінде аудан имамы Даурен Куттыбаев жұма намазына келген жамағатқа «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында уағыз айтып, әр ұлттың исламға қайшы келмейтін дәстүрлерді жоймай, жалғастыру керектігі, Абай атамыз: «Дәстүрдің озығы да бар, тозығы да бар» айтқандай тозығы шыққандарды түзеу маңызды. Кейбір дініміз бен дәстүрімізге қайшы болғандарды дұрыстау дінімізден алыстамау арқылы болатындығы анық.
Аудан имамы «Дін мен дәстүр» кітабын таныстырып, бабаларамыздың жүріп өткен жолын осы кітапта аталып өткендігін атап өтті. Бас имам ҚМДБ-ның бірнеше жыл қатарынан осы тақырыпты басылымдылық беріліп келетіндігін, дәстүрін ұстанған мұсылман болуға шақырды. Жұма намаз соңында дәстүріміз сәйкес ауыл имамы, ақсақалы Қыдырбай Тажибаев жамағатқа батасын берді. Шараға 50 адам қатысты.