ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: АУДАН ИМАМЫ МОЙЫНҚҰМДА

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: АУДАН ИМАМЫ МОЙЫНҚҰМДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданындағы «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Дәурен Куттыбаев Мойынқұм ауданындағы Бірлік ауылындағы мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен «Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.

Тақырып кеңінен талқыланып, түсіндірілді. Дәстүрлі емес ағымдар мен секталардың, сондай-ақ қазақи дәстүрлерімізді өзгертуге ұмтылатындардың алдын алу аса маңызды екендігі атап өтілді. Имамның айтуынша, «Ислам бейбітшілік пен амандықты білдіреді, сондықтан экстремизм мен терроризмге исламда орын жоқ. Дінімізді мамандар мен хабарсыз адамдар былғауға тырысады. Діни сауатты болу - бүгінгі күннің қажеттілігі». Шараның соңында қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді. Кездесуге 60 адам қатысты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: