Исламдағы уақыптың маңызы және оның сауабы үлкен. «Ислам діні, жалпы шариғатымыз жақсылық жасауға бұйыра отырып, адам баласын екі дүниеде де бақытты болуға жол сілтейді Соның бірі – уақып».Адамның өзінің меншігіндегі мүлікті елдің игілігіне пайдалануға беруін уақып деп айтады.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінде жамағатқа «Уақып» қоры түсіндірілді. Мешіт наиб имамы Жұмабайұлы Зейне жамағатқа «Уақып» қоры бұл сарқылмайтын сауап көзі екендігін, оның маңызын мұқият білу керектігін айтып жеткізді.