РАНТ МҮШЕСІ КӨКТАЛ ЖАМАҒАТЫНА НАСИХАТ АЙТТЫ

РАНТ МҮШЕСІ КӨКТАЛ ЖАМАҒАТЫНА НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көктал ауылы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жамағатына РАНТ мүшесі Нұрәлі Бақытұлы «Көркем мінез» тақырыбында насихат айтты.

Насихат барысында Нұрәлі Бақытұлы: «Көркем мінез – адам бойындағы ұлы қасиет, әрбір адамның мінез-құлқын көркем етуі отбасы, өскен ортасындағы тәлім-тәрбиесімен бірге өзінің де ақыл-парасат, күш-жігеріне, ынта-ықыласына, ең бастысы жаратылысына байланысты. Әке-шешенің баласына берер ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие болса, көркем мінез сол тәрбиенің шыңы.

Көркем мінездің анықтамасы жайында тіл, фәлсафа әрі дін ғұламалары зерттеп әртүрлі пікір жазған.

Тіл ғалымдары: Көркем мінез - Ол әдемілік. Кез келген іс-әрекетті әдемі орындау, - деген. Фәлсафа ғалымдары: Адамдарға ұнамды болу яғни (симпатия), - деген.

Дін ғалымдары: «Көркем мінез» сөзін кеңінен қарастырып, адам баласының жеке өзіне, отбасында, жұмыс орнында, қоғамдық орындарымен құлшылығына қатысты іс-әрекетінде әдепті болу, жақсы атқару, тіпті талас-тартыс, кек алу, ажырасу, арыздану, өтініш, қарызды талап ету, жазалау, сондай-ақ, соғыс кездерінде де шариғат талаптарымен әдептерін сақтай отырып атқару, - деген.

Көркем мінез – ол пайғамбарлардың мінезі, ол шыншылдармен ізгілердің мінезі», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: