Бірлік түбі – береке дей келе, мұсылман халықтын өзара бауырмалдығы мен бірлігі қандай ғашап. Алланың қалауымен, үкіметтін тапсырысы бойынша ауылда арнайы дастархан жайылды.
Ислам және дәстүр құндылығы жылына орай ұйымдастырған бұл іс-шараға құрылысы жүріп жатқан ауыл мектебіне атсалысқан барша азаматтар, ақ жаулықты аналар мен ақсақалды аталар қонақ болды. Қариясын қадірлеген жамағат ақсақалдарға шапан жауып, батасын алды.
Дастархан басында «Еңбек Алланың – рахметі, ынтымақ – берекесі» жайында сүбелі уағыз тындады.