Еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қоғамның бөлшегі болған әрбір отбасында дәстүр, дін, ұлттық құндылық туралы сөз қозғау қажет. Бұл мақсатта «Жәми» мешітінде жаңа шаңырақ көтерген жанұяларға насихат айтылды.
Аудан бас имамы Алмас Кенжемолдаев асыл дініміз ислам мен қазақ халқының отбасылық құндылықтарын саралай отырып, ислам бойынша неке – екі адамның қадірлі де қасиетті одақ құруы, екеуара сенімнің бастау алуы дейді имам.