Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты ауыл имам-молдалары салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Сарыкемер ауылында доп тепті.
Спорт – адамның тәні мен қатар рухани әлемі үшін де маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретте қарсы тұруға қауқары жетісе бермейтін жандарға мамандар бір ауық спортпен шұғылдануға кеңес береді екен. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір пайдасы.