«Атпаз көрген – ат таныр, ұстаз көрген – хат таныр», «Ұстазыңды әкеңдей сыйла», – деп ұстаз адамды құрметтеп, сыйлауға шақырған.
Абай хәкім: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», – деп айтқанындай, адам бойында адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына, оны тәрбиелеген ұстазының маңызы өте үлкен.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық Қордай мешіті әйел-қыздар жамағаты ауданымыздың ұлағатты ұстаздарына арнайы тосын сый жасап сый құрмет көрсетті. «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожа қызы, «Рахман» мешіті ұстазы Айгуль Жолдасқызы және «Құдайберген» мешіті ұстазы Малика Аханқызына арнап, уақыт бөліп, дастархан басына жинап, рахметтерін білдірді. Ұстаздар сый-сияпат беріп ізгі тілектерін айтты. Алғыстарын білдіріп, баталарын берді.