МЕРКІ: ҰШЫР САДАҚАСЫ БЕРІЛДІ

МЕРКІ: ҰШЫР САДАҚАСЫ БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Ақермен ауылы «Ғаббас» мешітінің имамы Алимбеков Дарханның ұйытқы болуымен  ауылдағы кәсіпкер Санат бауырымыз  бес  отбасыға бір тонна бидай өнімін үлестіріп берді.

Ұшыр – жерден шыққан өнімдерден берілетін зекет. Араб тілінде ұшыр «оннан бірі» деген мағынаны білдіреді. Жер өнімдерінен (егін және жеміс-жидек) зекет беру – парыз. Алла Тағала Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Тапқан нәрселеріңнің және Біз сендер үшін жерден шығарғандарымыздың жақсыларынан (қайырға, зекетке) жұмсаңдар» ([1] «Бақара сүресі», 267-аят) десе, тағы бір аятта: «Жинаған күні ақысын (ұшыр садақасын) беріңдер» («Әнғам» сүресі, 141-аят) деген.

Көмек алған отбасылар ауыл имамы мен қайырымды жандарға өз алғыстырын білдіріп, рақметтерін айтты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: