МЕРКІ: САДАҚ АТУ САЙЫСЫ ӨТТІ

МЕРКІ: САДАҚ АТУ САЙЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Дәстүрлі садақ ату сайысы өтті.

Садақ ату бұл Қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық спорт түрі. Бұған қоса Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) садақ ату жайлы  үш рет қайталап:«Расында, күш – садақ атуда» - деген. Осы орайда ұлттық спортымызды, Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін жаңғырту мақсатында «Шәкір» мешітінің имамы Жабыкбаев Еркебұланның ұйытқы болуымен жамағаттың арасында «Дәстүрлі садақ ату» жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа белсенді қатысып, нысананы дәл көздеп жоғары ұпай жинап, жүлделі орын алған мергендерге медал мен мақтау қағазы табысталды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: