Мәуліт айы – Алла елшісі ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туылған айы. Ислам дінінде өзіндік орны бар ерекше мерекелердің бірі «Төле би» мешітінде де тойланып өтті.
Аталмыш мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйытқы болуымен, салтанатты кеш Құран аяттарымен бастау алды. Шара аясында «Кәрібай молда» мешітінің имамы Алмаханов Аяттың орындаған Мәуліт жырының орны ерекше болды.
Күндердің сұлтаны жұма күні намазға келген жамаған қасиетті Зәм-зәм су мен құрмадан ауыз тиді. Көпшілік өз ризалықтарын білдіріп, алғыстарын айтып, имам артында намазда бір сап түзді.