КӨКБАСТАУ ХАЛҚЫНА ДІН МЕН ДӘСТҮР НАСИХАТТАЛДЫ

КӨКБАСТАУ ХАЛҚЫНА ДІН МЕН ДӘСТҮР НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақм ауданының наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Көкбастау ауылдық әкімдік мәжіліс залында халқымен кездесіп «ДІн мен дәстүр» тақырыбында насихат айтты.

Бақытбек Бауыржанұлы насихатында: «Қазіргі таңда дәстүрлі емес көзқарастағы кейбір азаматтарымыз салт-дәстүрлерге менсінбеушілікпен қарап, салт-дәстүрлерді бидғат етіп көрсеткісі келеді. Осындай келеңсіз оқиғалар қазіргі қоғам ішінде жамағаттарға бөлінушілікпен қатар туған-туыс, ата-ана, бауырлар арасына іріткі салып жатыр. Намаз оқымаған ата-анасын, бауырын кәпір санап, бір дастархан басында отыра алмайтындай жағдайға жетіп, бірін-бірі жегідей жеп, әр түрлі кінәләр тағуда. Ата-анасын сыйламай, олардың айтқан өсиетін тыңдай алмай оларға қарсы келіп, өзінің шындығына ғана бас ұрып, адамшылығын ұмытып кетіп жатқан азаматтарымыз баршылық. Сан ғасырлардан мұра болып келе жатқан кейбір дәстүрлерімізге ширк ретінде қарап, Аллаға серік қосу деп танып, келіннің үлкендерге деген ілтипатына, құрметіне түсінбестікпен қарап, негізссіз айыптап жатыр. Негізінде, қазақ өмірінің танымы мен ұлт болып қалыптасуында салт-дәстүрлердің орны ерекше. Салт-дәстүрдің қазақ қоғамына сіңісіп кеткені соншалық, екеуін бөле жара қарастыра алмаймыз. Халқымыздың әрбір ісінде, бастамасында, тіршілігінде салт-дәстүрдің иісі аңқып, айқын көрініс тауып тұрады. Бұл жағдайда діни білімнің саяздығы мен қазақилық салт-санасының дұрыс қалыптаспағандығы көрінеді. Сондықтан, отбасыдағы тәлім-тәрбиені барынша Ислам дініне бейімдеп, салт-дәстүрімізді бойымызға сіңіріп,  өскелең ұрпақтың осы қателіктерді жасамауына көңіл бөле отырып, қоғамдағы осындай келеңсіз жайттарға бейжай қарамай, онымен әрмен қарай күресіп, дәстүрімізді дәріптеп, жастарға жол көрсетіп, бағдар беруіміз қажет»,-деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: