«ЖАҢАТҰРМЫС» МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

«ЖАҢАТҰРМЫС» МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Базарбай ауылдық «Базарбай» мешітінің имамы Ербол Қасқырұлы Жаңатұрмыс ауылдық «Жаңатұрмыс» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Ислам және отбасы» тақырыбында жұма насихатын айтты.

Насихат барысында Ербол Қасқырұлы: «Алла Тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресі, 19-аятында: «Олармен құпталған бойынша тату өмір сүріңдер. Тіпті, оларды жақтырмасаңдар, бәлкім сендер жақтырмаған нәрседе Алла көп жақсылық жасап қойған болуы мүмкін», – деп айтқан.

Бұл ретте ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты екі жақтан тартып ұстап тұрған нәзік жіпке теңеуге болады. Оның бір басын тартқанда екінші жағын сәл босатып отырмаса, нәзік жіп үізіліп қалатындығы сияқты, отбасында да бірінің кемшілігін бірі кешіріп отырмаса, отбасылық қарым-қатынастың да бұзылуы оңай», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: