Т.РЫСҚҰЛОВ: «ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Т.РЫСҚҰЛОВ: «ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Исаұлы ауыл жастарымен кездесіп, асыл дінімізді уағыздап, діннің адамды тәрбиелеудегі жолдарын баяндады. Кездесуге 10 шақты жастар қатысып, өздеріне пайдалы болғандарын айтты.

Ауыл имамы кездесу барысында жастық шақтың бірнеше артықшылығын атап өтті.

Жастық шақтың маңыздылығы неде?

1- Жастық шақ адамның нәтиже беретін, күш-қуаты кемеліне келетін кезеңі;

2- Жастар ол ертеңгі асқар тау әке, аяулы ана;

3- Жастардың дұрыс жолда болуы - үмметтің саулығы;

4- Жастық шақ адамның құбылмалы нақты бір ұстанымға келмеген кезеңі;

5- Жастар кез-келген мемлекеттің тірегі, болашағы.

Алла Тағала жастық шақты екі әлсіздіктің арасындағы кезең деп сипаттаған. Екі әлсіздік деп балалық шақ пен адамның кәрілік кезеңін меңзеуде.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: