ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, діни басқарманың Жамбыл облысы бойынша кураторы Кенжеәлі Қоңыратбайұлы жергілікті өкілдік ұжымымен кездесті. Жиынға Жамбыл облысының бас имамы, «һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры Бейбіт Әліпбекұлы мен жергілікті дін қызметкерлері қатысты.
«Бүгін Тараз қаласында халықаралық деңгейдегі халал өнімдер көрмесі өтуде. Бұл – сіздердің діннің әр саласын кеңінен қамтып, соның ішінде халалды жетік насихаттап, халыққа таныта білгендеріңіздің анық көрінісі. Алдағы уақытта да Алланың дінін насихаттап, ақпараттық-ағартушылық бағытындағы жұмысты жандандыра беріңіздер», – деді Кенжәлі Қоңыратбайұлы.
Сонымен қатар, наиб мүфти діни басқарма тарапынан бекітілген тапсырмалардың орындалу барысымен танысып, жергілікті өкілдіктің жүктелген міндетті жоғары деңгейде атқарып жатқанын атап өтті.