Жамбыл облысы Байзақ аудандық кітапханасының мәжіліс залында «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы аясында ауыл имам-молдаларының жиналысы өтті.
Жиналысқа аудан бас имамы Қанат Әділханұлы қатысып, ауыл имам-молдаларына: Соңғы жеті ай қатарынан ақпарат бағыты бойынша үздік болып келеміз. Діни басқарма бекіткен бес бағыт бойынша қызметтерімізді жандандыра түсуіміз керек, - деді. Басқосуда әр ауылдың имам-молдасы аптасына кемінде үш күн таң, бесін, құптан намаздарында болып, ақпарат жолдаулары, жұма мінбері аясында имамдардың ауысып уағыз айтулары, газет-журналға жазылуды ұйымдастыру, үйлестіру, мешіттердің қысқа дайындығын пысықтау сынды тапсырмалар жүктеліп, ауыл имам-молдаларының ұсыныс-пікірлері тыңдалды.