Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылдық «Жаныс баба» мешітінің имамы Абдулбари Мәденұлының ұйымдастыруымен жағдайы төмен 6 балаға 150 000 теңгеге мектеп формасы және оқу жабдықтары салынған сөмке, керекті оқулықтар алып берілді.
Бұл игі шараның жүзеге асуына себепкер болған ауыл имамына халық ризашылықтарын білдірді.