ПАЙҒАМБАР ХАДИСІНЕ АМАЛ ЖАСАЛДЫ

ПАЙҒАМБАР ХАДИСІНЕ АМАЛ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты ауыл имам-молдалары ауырып жатқан Сарыбарақ ауылының имамы Тастанов Жомарт Шәкенұлының хал-жағдайын сұрау мақсатында және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисіне амал ету мақсатында облыстық ауруханаға барып, имамның жағдайын біліп, ем-домы үшін ауыл имамдарынан жиылған 60 000 теңге көлемінде қаражатты қолына ұстатты.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Мұсылманның бауыры алдында алты міндеті бар. Олар: оның берген сәлеміне жауап беру; шақырған жеріне бару; егер бауыры кеңеске мұқтаж болса, онда оған  шынайы кеңес беру; егер бауыры түшкіріп, «әл-хамду лиллә» (Аллаға шүкір) десе, оған «ярхамука Алла» (Алла сені жарылқасын) деп жауап беру; егер ол ауырып қалса, оны зиярат ету; бауыры қайтыс болса, оның жаназа намазына қатысу», - деген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: