Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылы «Жаныс баба» мешітінің имамы Абдулбари Мәденұлының ұйымдастыруымен, ауыл жастарының қолдауымен мешіт ішіндегі бұрынғы еден жылытқыш қопарылып, орнына жаңадан жылы еден төселді.
Сондай-ақ, мешіт қабырғаларына заманауи үлгіде «леонардо» жағылды. Мешіттің төбесі қайта жөндеуден өткізіліп жатыр.
Қазақта «Қыстың қамын жазда ойла» демекші, ауыл мешітінің жамағатқа жылы болуы және онда қолайлы жағдай жасалуы заман талабы. Осынау игі шараларды ұйымдастыруда имам мен мешіт жамағатының рөлі өте маңызды.