Қасиетті Құранда Кәрімде: «Алланың мешіттерін шынымен Аллаға және ақырет күніне сенген, намазды толық өтеген, зекет берген, тек қана Алладан қорыққан адамдар ғана ұстайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі» («Тәубе» сүресі, 18-аят), - делінеді.
Осы орайда, Меркі ауданы, Интернациональное ауылы «Достық» мешітінің имамы Халлылаев Тойлыбайдың бастауымен мешіт айналасы тазартылып, сенбілік ұйымдастырылды. Мешіт айналасы таза, көркем, әдемі болуы тиіс. Мешіт маңының тазалығы әрқашан басты назарда ұсталады. Ауылдық мешіт айналасы толық тазаланып, сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Бұған қоса «Ар-Рахим» мешітінің имамы Алтынбеков Абдулла мешіт шарбағында өсіп кетен арам шөптерді отап, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Мешіт ауласын тазалау үшін, уақыт тауып келген, жүректері иманға толы жандарға Алла Тағала екі дүние жақсылығын нәсіп етсін дегіміз келеді.