МЕРКІ: РУХАНИ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

МЕРКІ: РУХАНИ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында  Меркі ауданы «Жүніс молда» мешітінде аудан жамағатына арнап  рухани кеш өтті.

Меркі ауданы «Жүніс молда» мешітінде ұйымдастырылған іс – шараға арнайы қонақ ретінде Тараз қаласынан РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы шақырылды. Рухани кеш наиб имам Пирназаров Бауыржанның қасиетті Құран кәрімді оқуымен басталып, Нұралы ұстаздың насихатымен жалғасын тапты. Жиын барысында «Дін мен дәстүр» жайлы жамағатқа викториналық  сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Сұраққа жылдам әр дұрыс жауап берген жандарға сыйлықтар табысталды. Игі жиын барысында дініміз бен дәстүріміз жайлы насихатқа қанық болған жамағатымыз өз ризашылықтарын білдіріп, рақметтерін айтты. Сонымен қатар Қазақ дәстүрінде адамға шапан кигізу, иығына шапан жабу – үлкен құрмет болып саналады, сол себепті мешіт жамағаты жиын соңында алыстан ат терлетіп келген Нұралы ұстаздың иығына шапан жауап шығарып салды.

 Осы игі шараға себепкер болған мешіт имамы Қасымалиев Дастанға және демеушілік жасаған, мешітіміздің жанашыры Ажар әпкемізге алғысымызды білдіреміз.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: