Меркі ауданы, Аспара ауылы "Ыбырайым ата" мешітінің жамағаты жаңа оқу жылының басталуымен, ҚМДБ-ның бастамасымен қолға алынған «Мектепке жол» науқанын ұйымдастырды.
Аспара ауылы "Ыбырайым ата" мешітінің имамы Серикбаев Дарханның ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасы өтті. Игі шара барысында 25 балаға мектепке арналған сөмке және мектеп формасы, аяқ – киім, оқу құрал жабдықтары мен дене шынықтыру пәніне арналған киім сыйға берілді. Жалпы құны 400 000 теңгеге қайырымдылық іс – шарасы атқарылды.
Бұған қоса Қызылқыстақ ауылы «Әл- Карим» мешітінің имамы Алпысбаев Есболдың ұйымдастыруымен 3 оқушы мектеп сөмкесі мен спорттық киім, аяқ-киім және толықтай оқу құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді
Осы игі іске демеуші болған, ізгілікке жаны құштар ағаларымызға айтар алғысымыз шексіз! Алла Тағала ниеттерін қабыл етіп, Алла жолында жұмсаған әрбір дүниесінің орнын еселеп, берекелі етіп толтырып, сауаптан жазғай!
Алла Тағала елімізден, жерімізден діни және дүнияуи білімді де білікті азаматтардың көптеп шығуын нәсіп етсін!