Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылы «Жарас ата» мешітінің күмбезі ескіріп су өткізе бастаған себепті мешіт имамы мен ауыл жамағаты күмбезді күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізді.
Меркі ауданы, Сыпатай ауылдық мешітінің де күмбезі ескіріп, бояуы кеткен еді. Ауыл имамы Абдрахманов Азамат пен мешіт жамағаты күмбезді қайта сырлап, әдемілеп әсем қалпына келтірді.
Осындай құрылыс пен жөндеу жұмыстарына атсалысып, демеушілік жасаған қайырымды жандарға алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала баршаңызға разы болсын!