РАНТ мүшесі, Теміртау қаласының бас имамы Жанболат Жұматұрұлы Тараз қалалық «Әзрет Әли» мешітінде жұма намазға жиналған жамағатқа «Ислам және отбасы» тақырыбында уағыз айтты.
«Дініміз исламда отбасылық құндылықтарға ерекше мән берілген. Ерлі-зайыптылардың өзара міндеттері бекітілген. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 187-аятында: «Олар сендер үшін киім (іспетті), сендер де олар үшін дәл сондай киім (секілдісіңдер)», – деген. Ендеше, әрқайсымыз отбасымызды аманат деп біліп, оның сүйіспеншілік пен берекеде болуы үшін өзімізге жүктелген міндеттерімізді аса жауапкершілікпен орындауымыз қажет», – деген Жанболат Жұматұрұлы ерлі-зайыпты адамдар да, бір-біріне қамқор, жақсылығын асырып, кемшілігін жасырып, біріне-бірі көрік бола білуі тиіс деп жамағатқа отбасы құндылығын насихаттады.