ДІНИ ОҢАЛТУ САЛАСЫ МАМАНДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ

ДІНИ ОҢАЛТУ САЛАСЫ МАМАНДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы мен РАНТ мүшесі, Теміртау қаласының бас имамы Жанболат Жұматұрұлы облыстағы діни оңалту саласына жауапты мамандардың кәсіптік білімі мен дағдыларын арттыру  мақсатында «Жат ағымның қателіктерін анықтау» семинарын өткізді.

Біліктілікті арттыру семинарына діни оңалту саласына жауапты облыстың әр ауданынан жиналған мамандар, мешіт имамдары  қатысты.

Семинар барысында  Бейбіт Әліпбекұлы мен Жанболат Жұматұрұлы деструктивті ағымдардың құрбандарын оңалту бағытындағы жұмыстардың теологиялық негіздерін түсіндіріп,   теріс ағым идеяларының таралуына қарсы іс-қимылда  өңірлік мамандардың біліктілігін арттырудың маңызын түсіндірді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: