БАС ИМАМ ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

БАС ИМАМ ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы №59 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен жалпы профилактикалық кездесу өткізді. Кездесуге РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы, Тараз қаласының бас имамы Ержан Маханұлы және Жамбыл облысына бойынша оңалтуға жауапты Асқар Зәкіржанұлы да қатысып, уағыз-насихат жүргізді.

«Діннің қоғам үшін алар орны ерек. Себебі, бейбіт өмір сүру қоғамның басты қағидасы. Бұл үшін әр адамда сенім болады. Сенім бұл – дін. Алайда бүгінгі күні жалған сенімнің арқасында, дін атын жамылып теріс әрекеттер туғызатын ағымдар пайда болды. Еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады», – деген Бейбіт Әліпбекұлы түзету мекемесінде жазасын өтеушілерге дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны, жат ағымдардан сақтану жолдары, деструктивті ағымның қоғамдағы зардабы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: