«ӘЙЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ӘДЕБІ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

«ӘЙЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ӘДЕБІ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы,«Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Усенова Зейнептің ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері мен жергілікті ұстаздарға арналған «Әйел адамның әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда Усенова Зейнеп ұстазбен қатар Бекназарова Жайна, Иманалиева Жазира ұстаздар да шәкірттерге әлеуметтік желіні қолдану әдебі жөнінде насихат айтты. Сондай-ақ, жаңа оқу жылына мешіттегі сауат ашу курстарына 121 шәкірт қабылдады.

«Қазіргі таңда смартфон, гаджеттер айнымас серігімізге, ал әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Біріміз қажеттілікпен, кейбіріміз көптен қалмайын деп тіркеліп, құрылғының бетін ғұмырымыздың айнасы етіп үлгердік. Біреудің күнкөріс кәсібіне, енді біреудің ермегіне айналған желілерді қолдануға әйелдер қауымының әдептіліктен аттаған кездеріне де куә болудамыз», – деген ұстаздар Жаратушы алдында әлеуметтік желідегі сөздеріміз бен іс-әрекеттеріміз үшін де жауап беретінімізді ұмытпауымыз қажеттігін еске салып, жақсылықта ғана жарысуға шақырды.

Семинар соңында ақжаулықты аналар дәстүрден алшақ кетпей, қазақтың қыздары ибалылық, әдептілік, тектілікті бойына терең сіңіргені жөн деп жас буынға жол көрсетті.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: