Жамбыл облысы, жастар ісі секторының өкілі Есет Тұрдыбайұлы №34 орта мектеп оқушыларымен кездесіп, діни сұрақтарына жауап берді.
Оқушылармен емен-жарқын жүздесу барысында жастар ісі секторының өкілі Есет Тұрдыбайұлы ислам дінінің асыл құндылықтары, білім алудың пайдасы жайында егжей-тегжейлі баяндады. Сонымен қатар, дін қызметкері ата-анаға қарсы шығу, темекі шегу, нашақорлық секілді жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.
Есет Тұрдыбайұлы оқушыларға: «Еліміздің жарқын болашағы – сендердің қолдарыңда. Білім көкжиектеріңді кеңейтіп, ілім-ғылымға деген ынталарың әрдайым биік болу керек», -деп бағыт-бағдар сілтеді.