Бұл өмір сынақ үшін жаратылғанымен ақиқат өмірі екендігін ұмытпағанымыз жөн. Пендемізғой деп адам жалған өмірде жалған сөз бен жалған іске ерік бермеуі тиіс. Жалған сөйлеу Алла мен адамдардың алдында пенденің дәрежесін түсірсе, шыншыл сөз адамның абыройын арттырып беделін жоғарлатады. Шариғатымыз бойынша жалған сөйлеу ауыр күнәлардан болып есептеледі.
Хадис шәрифтерде "Пенде жалған айтқан уақытта, періште одан шыққан шірік жағымсыз иісінен көз жетерлік қашыққа қашады." "Жалғаншы жаннатқа кірмейді." - делінген.
Бір күні Расулуллаһ (с.ғ.с): "Мен сендерге ең ауыр күнәға не жататынын айтайын ба?" - деп сұрағанда, біз "Я, Расулуллаһ (с.ғ.с)! Әрине, айтыңыз" - дедік. - Алла Тағалаға серік қосу және ата - ананы қадірлемеу. Бұл сөзді айтқанда Расулуллаһ (с.ғ.с) қолына сүйеніп, жамбастап жатқан болатын. Кейін отырып: "Әрі жалған куәлік беру емес пе?" - деді. Расулуллаһ (с.ғ.с) осы сөзін қайталағаны соншалық, біз өз - өзімізге: "Әрі қарай айтпай - ақ қойса еді" - деп тұрдық.
Жалған сөздің жақсылығы жоқ демекші, мұсылманшылықты ұстанып жүрген әр - бір адам жалған сөздің жетегіне ерместен, шыншыл болуға тәрбиеленгені абзал.