ҚАҺАРМАНДЫҚТЫҢ ТАМАША ҮЛГІСІН КӨРСЕТКЕН

ҚАҺАРМАНДЫҚТЫҢ ТАМАША ҮЛГІСІН КӨРСЕТКЕН

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жақаш ауылында орналасқан Батыр есімін иеленген А.Суханбаев орта мектебінде соғыс майдангерін еске алуға арналған шара мерекелік бағдарламамен жалғасын тапты. Мектептің мәжіліс залында алдымен А.Суханбаевқа арналған деректі фильм көрсетіліп, көрермен «Шахан» халық театрының режиссеры Бақытжан Байкүшіковтің орындауында «Ақәділ монологын» тамашалады. Арнайы шараға алыс-жақыннан келген қадірлі қонақтар, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және «Қосы батыр» мешітінің имамы Турлыбаев Нұртұлеу мен мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Шара барысында Жамбыл облысының Байзақ, Шу, Мойынқұм аудандарының Құрметті азаматы Амангелді Кәрентаев, «Қосы батыр» қоры төрағасының орынбасары Болат Үсенбев, Шу ауданынан келген қонақ Балықбай Көбжанов, Шу ауданы, Төле би ауылдық округінің әкімі Елнұр Рахымқұлов, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, «АМАНАТ» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева ретімен сөз алып, А.Суханбаев туралы өз пікірлерімен бөлісті. А.Суханбаев атындағы орта мектептің оқушылары мен аудан өнерпаздарының орындауында Арғынбай Бекбосынның өлеңдер топтамасы, «Ақәділ маршы», Қ.Нарбатырдың «Тағзым», Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әндері көпшілікті тәнті етті. Аталмыш шараға белсене атсалысқан және А.Суханбаев мұражайын қайта жаңғыртуға үлестерін қосқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаты, «Қосы батыр» қоры, «Аманат» партиясы аудандық филиалы тарапынан марапаттарға ие болды.

Айта кетейік:

Жарты ғасыр аттан түспей, жаумен жағаласып өткен Қосы батыр ұрпағы Ақәділ Суханбаев 1940 жылы Қызыл әскер қатарына алынған. Ұлы Отан соғысында 31-ші Армияның, 174-ші Борисов Қызыл тулы атқыштар полкінің, 628-ші Гродно Қызыл тулы полкінің 1 батальонында бөлімше командирі болып, шайқастарға қатысты. Белоруссияны, Литваны, Польшаны азат ету үшін болған ұрыстарда ерекше көзге түсті. 1944 жылғы 31 шілдеде Польшаның Стельцовизна деревнясы үшін болған ұрыста шешуші сәтте жау оғына кеудесін төсеп, өшпес ерлік жасады. Денесі майдан қолбасшысының жеке тапсырмасымен Литваның Друскининкай қаласындағы бауырластар зиратына әскери салт-жорамен жерленген. Ақәділ Суханбаевқа 1945 жылғы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: