Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев және имам Талғат Кәрібайұлы Көктөбе ауылының тұрғындарымен кездесті.
Жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысқан мешіт қызметкерлері тұрғындарға дін мен дәстүр сабақтастығын, жат ағыммен күрес, Ислам құңдылықтары секілді өзекті мәселелер жөнінде ақпарат берді. Кездесу соңында, қатысушылар сұрақтарына жауап берілді.
Шу ауданы «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі