#Байзақ: «ИМАНИ ЖАЗ» АТТЫ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

#Байзақ: «ИМАНИ ЖАЗ» АТТЫ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде «Имани жаз» сауаташу курсы аяқталып, курсқа қатысқан жасөспірім қыздарға дастархан жайылды. Шараға Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің әйел-қыздар секторының жетекшісі Жанат Әмірханқызы қатысты. Шара барысында балдырған қыздар оқып түйгендері бойынша сынақ тапсырып, ұстаз қойған сұрақтарға жауап берді.     

Шара соңында Жанат Әмірханқызы: «Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осындай тәлімін көрген саңлақ сахабалар білімнің маңызын ерекше бағалап, оны бәрінен артық қоя білді. Бір күні атақты сахаба Ибн Аббасқа (Алла оған разы болсын) Басра қаласынан арнайы келген бір жолаушы: «Дүние артық па, әлде білім артық па?» – деп сұрайды. Сонда Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Білім артық», – деп жауап береді. Әлгі адам: «Оны қалай дәлелдейсің?», – дегенде, Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Дүние – перғауындардың мирасы, ал білім – Пайғамбарлардың мирасы. Дүниені Алла Тағала кез-келген құлына береді, білімді тек сүйген құлына ғана береді. Дүниені жұмсасаң, таусылып қалады. Ал білімді қанша жұмсасаң да таусылмайды, керісінше арта түседі. Дүние жиған адам қияметте қайдан алып, қалай жұмсағаны жайлы сұралады. Бірақ білімді адам қияметте білім алғаны үшін де, оны жұмсағаны үшін де мол сауапқа кенеледі», – деп жауап берген екен.», - деп «Білім алудың маңыздылығы» тақырыбында насихат айтты. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: