Қарағандыда ХІІІ республикалық Құран байқауына іріктеу өтті

Қарағандыда ХІІІ республикалық Құран байқауына іріктеу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы қалалық «Мәди Бәпиұлы» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІІ республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті.

Жарыстың шымылдығын Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы алғы сөзбен ашып, Құранның қадір-қасиеті мен Құран жарысының маңызына тоқтала келе, Алланың мұғжиза ретінде түсірген кітабының мәртебесін түсіндірді.

Іріктеу сайысына 68 қатысушы 4 номинация бойынша, атап айтқанда Құранды толық оқу, 20 параны, 10 параны жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша бақтарын сынады. Үміткерлердің Құран оқудағы қағидаларды дұрыс сақтауын жан-жақты қадағалайтын Республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Сәдуақас қари Сағындықұлы, Республикалық бас мешіттің наиб имамы Ахмет Серік Полатханұлы және «Қамзе ата» атындағы мешіттің  имамы Бауыржан Мейімбекұлы әділ бағасын берді.

Толық Құранды жатқа оқудан әр номинация бойынша І орынды иеленген үміткерлерге Ұмра қажылығына жолдама берілді. Басқа да жеңімпаздар қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс соңында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Құран жарысына қатысқан қарилар мен шараны ұйымдастырушыларға және байқауды тамашалаған 
көрерменге өз алғысын жеткізді.

Сондай-ақ ХІІІ Республикалық Құран жарысына жолдама алған жеңімпаз қариларға сәттілік тіледі.

ХІІІ Республикалық Құран жарысының іріктеу сайысының жүлдегерлері төмендегідей  марапаттарға ие болды:

Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын – Сейтқасым Нұртілеу (Ұмра қажылығы);
ІІ орын – Абдулазиз Абдулбақи (300 000 тг);
ІІІ орын – Анвар Ахрарұлы (200 000 тг).

Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын –  Есімбек Арсен (Ұмра қажылығы);
ІІ орын – Мырзахмет Мохмут, Әминтаев Асадулла (300 000 тг);
ІІІ орын – Әминтаев Асадулла (200 000 тг).

Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын – Есім Данияр (Ұмра қажылығы);
ІІ орын – Жұмабай Нұрмұхаммед(300 000);
ІІІ орын – Таңат Мейрамбек (200 000)
Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша:

І орын – Абдурахман Әбілқасым (Ұмра қажылығы);
ІІ орын – Мирзаев Раушанбек (300 000);
ІІІ орын – Дәулет Ізетбекұлы (200 000)

Жоғарыдағы 4 номинация бойынша жүлделі І орын иегерлері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІ Республикалық Құран жарысына жолдама алды.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: