БАС МҮФТИ ҚАСИЕТТІ ҚАҒБА ІШІНДЕ ЕЛІМІЗ ҮШІН АРНАЙЫ ДҰҒА ЖАСАДЫ

БАС МҮФТИ ҚАСИЕТТІ ҚАҒБА ІШІНДЕ ЕЛІМІЗ ҮШІН АРНАЙЫ ДҰҒА ЖАСАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабия Корольдігіне барған сапарында қасиетті Қағба ішіне кіріп, еліміздің игілігі үшін арнайы дұға жасады.

Бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Бас мүфти: «Алланың қалауымен қасиетті Қағба ішіне кіріп, намаз оқып, дұға жасау нығметі нәсіп болды. Құлшылық пен тілектер сөзсіз қабыл болатын қасиетті орында халқымыздың бірлігі мен игілігі, қадірменді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ізгі бастамалары, жер бетіне тарыдай шашылған қандастарымыздың амандығы, дін қызметкерлерінің берекелі істері үшін арнайы дұға жасадым.

Алла Тағала еліміздің болашағын жарқын етіп, жұртымыздың дархан көңіліндей кең даламызға тыныштық пен тұрақтылық, бірлік пен береке бергей. Сүйікті Отанымыз Қазақстан түрлі бүлік пен алауыздықтан аман болғай. Тәуелсіздігіміз баянды болып, көк туымыз көк аспанымызда қияметке дейін желбіреп тұруын тілейміз.

Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болғай. Әр шаңыраққа бақыт пен татулық, нығмет пен береке тілеймін. Деніміз қуатты, әр күніміз шуақты болғай. Еліміздің ертеңі үшін азаттық жолында құрбан болған ата-бабаларымыздың рухы жәннат төрінде шалқығай. Бабалар аманатын арқалаған тәуелсіз еліміздің азаматтарына Алланың өзі жар болғай. Баршаңызға қос дүниенің нығметін, жанның рахатын, тәннің саулығын тілеймін. Жаратушы Жаббар Иеміз исі мұсылман баласының мерейін үстем еткей. Әмин!» деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: