БАС МҮФТИ АЛТАЙ ИМАМДАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

БАС МҮФТИ АЛТАЙ ИМАМДАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ресей Федерациясының Алтай Республикасына барып, Қосағаш елді мекеніндегі жергілікті қазақтармен, имамдармен кездесті.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жер бетіне тарыдай шашылған қандастарымызға рухани тұрғыдан қолдау көрсетіп келеді. Осы мақсатпен Алтай Республикасына келіп, қазақ имамдарын шапан және сәлдемен қамтамасыз еттік. «Muftiyat» баспасынан шыққан кітаптарымызды сыйға тарттық. Бұған дейін Моңғолиядағы, Алтай Республикасындағы қазақ имамдары Алматыдағы Ислам институтында білімін шыңдады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесуден кейін Алтай Республикасының мүфтиі Жанболат Оқтаубаев ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлына жергілікті қазақ имамдарға көрсеткен қолдауы үшін айрықша алғысын білдіріп, ілтипатын жеткізді. 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: