«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНІҢ ТАЗАЛЫҚШЫСЫНА ҰМРА ЖОЛДАМАСЫ БЕРІЛДІ

«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНІҢ ТАЗАЛЫҚШЫСЫНА ҰМРА ЖОЛДАМАСЫ БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ұзақ жылдар бойы тазалықшы қызметін атқарып келе жатқан Несіпбала Бүркітбайқызына кіші қажылыққа жолдама табыс етілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы 8 жыл бойы құлшылық ордасына сіңірген еңбегін елеп-ескеріп, сауапты қызмет атқарып келе жатқан Несіпбала Бүркітбайқызына дүйім жамағат алдында өзінің алғысын айтып, кіші қажылық жолдама тарту етті.

Айта кетейік, Несіпбала Бүркітбайқызы облыстық «Әнет баба» мешітінде 2016 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ұмра жолдамасының арнайы сертификаты табысталғаннан кейін ақсақалдар ақ батасын беріп, мешіт қызметкеріне сәтті сапар тіледі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: