#Қордай: Аудандық мешітте Құран жарысы өтті

#Қордай: Аудандық мешітте Құран жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінде «Имани жаз 2024» жазғы сауат ашу курсы шәкірттерінің арасында Құран жарысы болып өтті. Аталмыш жарыс Құранның кез келген екі парасынан, 30- шы парадан және жарты парадан болды. Құранды тәджуид қағидасына сай, қатесіз оқу, Құран оқу барысында оқу тазалығы және көркем оқылуы, қойылған сұраққа мүлтіксіз жауап беріп, қатесіз толық жауап беру сынды өзіндік ережелері сақталды.

Қазылар алқасында Алға ауылы «Омар» мешітінің имамы Жұмабай Зейне, Облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің қарилық орталығының ұстазы Амангелді Бірлік қазылық етті. Айтылған 3 номинацияның бірінші орындарына әлектровелосипед пен спорттық велосипедтер табысталды. Ал қалған екінші және үшінші орындарға ақшалай сыйлық берілді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: