Халқымызда: «Отан – отбасынан басталады» – деген қанатты мақал бар. Мемлекетіміз бақытты болу үшін отбасымыз бақыты болу керек. Ал жанұядағы бақытты дініміз Ислам үйретеді.
Осы мақсатта Шу ауданына қарасты «Күнту баба» мешітінің имамы Ауесбаев Берік ауыл тұрғындарымен өткен кездесуінде осы тақырыпты қозғаған болатын. Сан ғасырдай ата-бабамыздан мирас болып қалған дәстүр мен дініміз Исламдағы отбасылық өмір қағидалары, айта кетсей, жат ұғымдар мен шаңырақты шайқалтқан ажырасу мәселесін тілге тиек етті.
Кездесу соңына қарай, әйел қауымы өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.