Жедел жәрдем қызметіне адам жаны қысылғанда жүгінеді. Бүгінде дер кезінде жасалған көмек арқылы талай жанның ғұмыры жалғанды.
Шу ауданы «Айтқұл баба» мешітінің имамы Қамаубаев Шаттық жедел жәрдем қызметкерлерімен кездесіп қайтты. Кездесу барысында Ислам және дәстүр құндылықтардағы кері ағымдарды айта кетті.
Ақ халатты абзал жандар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, бас имамнан толыққанды жауап алды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.