«Алла сендерге үш нәрсемен разы болады: Аллаға ғибадат етіп, Оған ешкімді серік қоспауларыңа; барлығың Алланың жібінен мықтап ұстап, бөлінбеулеріңе және сендердің үстеріңе Алла билік берген басшыларға адалдық танытқандарыңа»(Муслим). Бұл қоғамдағы әрбір мұсылман адам есінде сақтап, ғұмыр белесінде басшылыққа алуға тиісті өте маңызды ереже болып табылады.
Табиғиндерден Хасан әл-Басри ел билеушілері жайында: «Олар (басшылар) біздің бес түрлі бағытта басшымыз және қорғанымыз: жұма намазына, жамағатымызға (яғни қоғамымызға), мереке-айтымызға, мемлекет шекарасының қауіпсіздігіне және қоғам ішіндегі тәртіпке. Алламен ант етемін, дін аман тұруы үшін басшы қажет. Тіпті, өктемдік етсе де. Алламен ант етемін, олардың өктемдіктерінен ел иігілігіне тигізер пайдасы өте көп. Сондай-ақ, басшыға бойұсыну құптарлық іс. Ал, басшыны тыңдамау Алланың берген нығметін қадірлемеу болып табылады», -деген. Халқымыз бір тұтас мығым мемлекет, ел іші рухани келісімге бағытталған берекелі, тыныштық туы астындағы ел боламын десе, ең әуелі басшыларға бағыну ләзім.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық Қордай мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына Әлжан ана ауылындағы «Құдайберген» мешітінің ұстазы Малика Аханқызы таныстырылды. Қордай ауданының «Рахман» мешіті ұстазы Айгуль Жолдасқызы Малика ұстазға ыстық лебізін білдіріп, Алладан жеңілдік ,береке,табыс тіледі. Аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызы жас маманға бағыт бағдар көрсетіп, дұға жасады. Малика Аханқызы барша жаманатқа,ұстаздарға алғысын айтып, рахметін білдірді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі