Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылы, «Айша бибі» мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев келген жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жасап, насихат айтты. Баршамыз бір екендігімізді, мұсылмандар бауырмал болу керектігі айтылып, бұл қазақ даласының нағыз көрінісі мен аталарымыздың шынайы белгісі еді. Соның жалғасын табу жастарға түсіндіру өте маңызды екендігі аталып өтті.
Ауыл имамы ҚМДБ-ның бірнеше жыл қатарынан осы тақырыпты басылымдылық беріліп келетіндігін, «Дін мен дәстүр» кітаптарының жарық көргендігін, дәстүрін ұстанған мұсылман болуға шақырды. Шараға 13 адам қатысты.