Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінде «Ислам және дәстүр құндылығы» жылына орай аудан имамы Дәурен Құттыбаев келген жамағатқа дәстүрдің дініміздегі орны мен маңыздылығын атап өтті. Кейбір шариғи талаптардың өзі дәстүрге қарай орындалатындығы бар екендігіне тоқталды.
Ұлттың өзіне тән ерекшелігі, дәстүрі, мәдениеті, ұстанымы және т.б. болуы шариғатқа қайшы емес екендігі айтылды. Бала дүниеге келгеннен бастап құлағына азан айту, сүндетке отырғызу, ұлды атқа отырғызу, қызға ибалық пен ұяңдықты үйрету сынды дін мен дәстүрдің байланысы сөзге тиек етілді. Шара соңында сұрақтарға жауап берілді. Шараға 85 адам қатысты.