"Әбдібай ата" мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы "Әбдірашит ата" мешітінің жамағатына келіп, өзіміздің дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттап, дін мен дәстүр түсінігі егіз ұғым екендігін тілге тиек етті.
Жамағатқа салт-дәстүрдің елдің ел болып қалыптасуы мен ұлт болып ұйысуының алғышарты екендігіне жіті тоқталып өтті. Аталмыш жиын соңында жамағат сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі