«Ас – адамның арқауы» демекші «Кәрібай молда» мешітінде дәстүрлі ақ дастархан жайылды. Шу ауданында болып жатқат игі істерге демеуші болған жомарт жандарға алғыс айту мақсатында намазда бір сап түзеген жамағат дастархан басында кездесті.
Іс-шара барысында «Ислам және дәстүр» жылына орай имамдар уағыз айтып, дәстүріміздегі асар, қайырымдылық жасауды тілге тиек етіп, дін мен дәстүр ұғымын аша кетті.
Айта кетейік, қаражат мөлшері 400 мың теңгені құрады. Ақ дастарханнан дәм татып, көркем уағызға сусындаған халық бата-тілегін айтып ас қайырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.