Талас ауданы Қасқабұлақ ауылы "Әбілхан қажы" мешітінің имамы Хеурза Асанұлы мешіт жамағатына салафи-уахабилік діни ағымы туралы кең көлемде түсіндіру жұмысын жүргізді.
Бұл діни ағымның қауіптілігі орасан зор екенін тілге тиек етіп, әсіресе жастарымызды осы ағымнан сақтандырудың маңыздылығына тоқталып өтті. Мешіт жамағаты имамның айтқан насихатынан көп пайда алып, бала-шағаларын аталмыш діни ағымнан сақтандыру керектігін ұғынды.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі