Шу ауданы «Айтқұл баба» мешітінде бір айлық «Имани жаз – 2024» курсы өз мәресіне жетті. Жазғы демалыс уақытында білім алып, арабша хат танып, Құран әліппесімен танысқан шәкірттеріміз оқуды сәтті аяқтады.
Осыған орай «Жастар ісі» секторының ұйықты болуымен оқушыларға дастархан жайылды. Аталған мешіттің наиб имамы Айдарбек Саят Қанатұлы сабақтың соңғы күніңде жылы тілектермен бөлісіп, Құран Кәрім кітабын силық етті.
Игі іске арнап жиналған қоржын 30 000 мыңды құрады. «Алла Тағала ұрпақтарымызды қари, Құран жаттаған хафиздердей етсін» - деп ақ тілегін айтты имам.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.