#Байзақ: «ШОЛПАН ДӘУІТ» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ

#Байзақ: «ШОЛПАН ДӘУІТ» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты «Үміт» балалар үйіне барып, жетімдердің басынан сипап, көңілдерін көтеріп қайтты. Шарада бүлдіршіндерге тәттілер мен сусындар таратылды. Әбден іштері пысқан ойын балаларына арнайы батут құрылып, жалдамалы аниматорлардың жетегінде балалар асырсап ойнады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде кім жетімге қарайласса, қияметте менімен болады», - деген екен. «Жерде жетім жыласа, аспанда періште күңірейді», - демекші, жетімдеріміз жыламасын, деп тілейік, ағайын!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: