#Байзақ: НАИБ ИМАМ АУЫЛ МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ

#Байзақ: НАИБ ИМАМ АУЫЛ МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Қызыл жұлдыз ауылдық «Бейшен» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Ізгілікке бастар жол» тақырыбында насихат айтты.

Бақытбек Бауыржанұлы насихатында: «Адамның хайуаннан, жалпы басқа жаратылыс түрлерінен артық болуын сөйлеуі, еркін ойлауы, таңдауынан бес сезім мүшелерінің денесінде ретімен, ғажап күйде орналасқанынан-ақ білуге болады. Бұлардың бәрі жеке нығмет десек, солардың ішінде тіл, яғни сөйлей алуымыз – өз алдына үлкен тақырып. Өзіміз күнде сөйлеп, басқалардың айтқанын естіп-тыңдап жүргеннен кейін адамдардың тілдік қатынасын қалыпты нәрсе көреміз. Ал әлдебір тотықұс айтқанымызды қайталап, сөйлей қалса, таң қалатынымыз шындық. Негізі тотықұс та, басқа жаратылыстар да адамға таң қалуы керек. Себебі адам тек біреудің айтқанын қайталамай, өздігінен ойланып сөйлей алады. Жақсы не жаман сөзді, қажет не қажетсіз сөздерді өзі таңдай алады.

Осы тұста тіл нығметінің қадірі жөнінде айтып өтейік. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ер немесе әйел кісіден кім иман келтірген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен де жақсырақ сыйлық береміз» («Нахыл» сүресі, 97-аят) дейді. Яғни Жаббар Иеміз баяндаған «түзу істі» жақсы сөз деп алсақ, ол міндетті түрде адамдарды, жалпы қоғамды ізгілікке, жақсылыққа бастайтын жол болмақ. Өйткені бабаларымыз «Жақсы сөз – жарым ырыс» десе, қазіргі заманның психолог, коучтары (бағыт-бағдар беруші) адам үнемі жақсы сөз ғана айтып, позитив ойда жүрсе, оның алдынан тек жақсылық шығады. Керісінше, ойлағаны негатив, сөйлегені жаман, пайдасыз сөз болса, оның көретіні жамандық болмақ дейді. Демек «сөз қадірі – өз қадірің» деген тәмсіл бекер айтылмаған», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: