Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Аманат партиясының мәжіліс залында IV аймақ имамдарына «Білімді имам – қоғам айнасы» тақырыбында дәріс оқыды.
Семинарда Қанат Әділханұлы: «Рухани бағыттағы білім кеңістігінде діни ағарту жұмыстарын жүргізуде имамдардың үлесі зор. Діни ілімге деген халық сұранысына бүгінгі дін қызметкерлері – имамдар мен ұстаздардың заманауи бағыттағы білімі мен біліктілігін арттыру маңызды болмақ», - деді.